Главная страница
Навигация по странице:

  • ТАБИҒИ ОРТА ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ

  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми ғалымдар кеңесімен ұсынылған Пікір сараптамашы

  • Құрастырушылар

  • 1 Тақырып. Табиғи орта жағдайының экологиялық мониторингісі 1.1 Зертханалық жұмыс Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау (10 сағат) Сабақтың мақсаты

  • 1.1.1 Теориялық бөлім Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау

  • Су сапасының мониторингі

  • Су ластануының класы Сипаттама Су ластануының индексі

  • Ашық сабақ 'Тау жыныстары'. Табии орта жадайын баылау Мониторинг принциптері жне типтері


    Скачать 1.09 Mb.
    НазваниеТабии орта жадайын баылау Мониторинг принциптері жне типтері
    АнкорАшық сабақ 'Тау жыныстары'
    Дата25.09.2018
    Размер1.09 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАшық сабақ 'Тау жыныстары'.doc
    ТипДокументы
    #33649
    КатегорияДошкольное образование
    страница1 из 10

    Подборка по базе: Бастауыш пен орта терия исправленный.docx, Референттік орталық.pptx, ПФ-5863 30.10.2019 Экологик мониторинг 2030 концепция.doc, 1._леуметтану_а кіріспе._леуметтанулы_ _иял _леуметтанулы_ орта , экологический мониторинг.docx, 1_САБАҚ ЖОСПАРЫ_Көркем еңбек_4 сынып_6 тарау_Қоршаған ортаны қор, Биотехнологиялық өндіріске арналған қоректік ортаның құрамы жән, «Балдәурен» орталығының сапалық мәліметі.doc, ОБӨЖ Кәсіби қызметтегі қауіпсіздік орта Педикулезді пациентті са, СОР мониторинг алгебра 1-токсан.doc
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    Lf Қазақстан Республикасының оқу және білім министрлігі
    С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
    Биология – химия факультеті
    Экология кафедрасы

    ТАБИҒИ ОРТА ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ

    «Мониторинг принциптері және типтері» пәні бойынша «Экология» мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін зертханалық практикум

    Павлодар

    УДК 504.064.36(07)


    ББК 20.1я.7

    Б 23
    С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми ғалымдар кеңесімен ұсынылған

    Пікір сараптамашы

    С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің экология кафедрасының б.ғ.докторы, профессор Ұ.Қаманұлы.

    Құрастырушылар: У.Д. Буркитбаева, А.А. Калиева
    Б 23 Табиғи орта жағдайын бақылау. «Мониторинг

    принциптері және типтері» пәні бойынша «Экология»

    мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер

    үшін зертханалық практикум. – Павлодар, 2007 . – 97 б.
    Әдістемелік нұсқаулар студенттердің мониторинг принциптері және типтері курсынан алған білімдерін бекіту мен нығайтуға арналған. Ұсынылған әдістемелік құрал жоғары оқу орындар студенттері мен оқытушыларына арналған.


    УДК 504.064.36(07)

    ББК 20.1я 7


    © Буркитбаева У.Д., Калиева А.А., 2007

    © С. Торайғыров атындағы Павлодар

    мемлекеттік университеті, 2007

    Кіріспе
    “Мониторинг принциптері және типтері” пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау су нысандарын, атмосфера және топырақтың экологиялық жағдайын кешенді бағалау әдістемесіне арналады. Зертханалық жұмыстар оқу жұмыстарының бір түрі ретінде қарастырылып, студенттермен орындалады.

    Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – студенттерді табиғи ортаның және тамақ өнімдерінің сапасына баға берудегі әртүрлі бақылау әдістерімен таныстыру.

    Әдістемелік нұсқаудың негізін кешенді тәсіл құрайды, яғни, барлық зертханалық жұмыстар шынайы табиғи нысандарды зерттеуге арналған, сонымен қатар сирек кездесетін реактивтерді және күрделі құрал-жабдықтарды қолдануды талап етпейтін стандартты әдістемелер берілген. Әдістемелік нұсқауда қоршаған орта сапасының стандарты, ластанудың негізгі көрсеткіштері және әртүрлі деңгейде мониторингті жүзеге асыру үшін табиғи экожүйелердің жағдайларын бақылау әдістемелері қарастырылған.

    Зертханалық жұмыстарды орныдауға арналған әдістемелік нұсқау күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша негізінен биологиялық мамандықтарға оқитын студенттер үшін арналған және типтік бағдарламаға және пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

    1 Тақырып. Табиғи орта жағдайының экологиялық мониторингісі
    1.1 Зертханалық жұмыс Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау (10 сағат)

    Сабақтың мақсаты – су құрамының негізгі қасиеттерімен танысу, өз бетімен суды сипаттауды үйрену. Судың негізгі сапасын анықтау: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық.

    Тапсырма - су сапасының негізгі көрсеткіштерін анықтау: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық (2 сағат). Су объектілерінің органолептикалық (физикалық) қасиеттерін анықтау (2 сағат). Су объектілерінің химиялық қасиеттерін анықтау (6 сағат).

    Зертханалық жұмысты орындауды төмендегідей қауіпсіздік техникасының ережелерін (ҚТЕ) сақтау қажет:

    1. химикаттарды және ерітінділерді сілеймелі қабаттарға,

    теріге, киімге тигізбеу;

    1. тағам (ішімдік) ретінде пайдаланбау;

    2. өткір иісті және ұсақ кристалды (шаң түзетін) химикаттармен де алмау;

    3. химикаттардың саңылаусыз оралымына және

    этикеткалардың дұрыс оқылуына көңіл аудару керек және шыны ыдысты бұйымдармен жұмыс істегенде қауіпсіздікті сақтау қажет.

    1.1.1 Теориялық бөлім

          1. Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау

    Табиғи сулардың құрамына тұщы (жер үсті, жер асты, су түбі және т. б.) және теңіз сулар кіреді. Ауыз сулар алдын ала тазартылған және залалсызданған табиғи (өзен және жер асты) сулардың туындысы болып табылады. Ақаба сулар, өз алдына, адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижесінде лайланған, лас сулар болып келеді. Сөйтіп, әртүрлі құрамды сулардың белгілі бір анализ деңгейі, табиғи сулардың анализ мәселелерімен тікелей байланысты.

    Төменгі атмосфералық қысымда буландыру, мұздату, вакуумды қайнату жолымен негізгі компонентті кәдімгі жою мүмкіндігінің арқасында, су, анализдің қарапайым объектісі ретінде көрінеді. Бірақ құрамында элементтік позициясы жағынан су – элементтер арасындағы әсерге байланысты, бір-бірінен он мың есе айырмашылығы бар мәселе тудыратын, құрамына әртүрлі концентрациялы элементтер кіретін, өте күрделі жүйе. Мысалы, Ca, Mg, Na және K (0,001 – 0,01%) микроэлементтердің концентрациясы Ba, Zn және B микроэлементтердің концентрациясынан 100 есе үлкен болады; As, Cr, Pb, Cu, Mn – 1000 есе; V, Ni, Se, Hg және т. б. 10 000 – 100 000 есе, және де табиғаты әртүрлі сулар үшін элементтердің арақатынасы елеулі түрде ерекшеленуі мүмкін.

    Ауыз су, содан кейін ақаба суларды алудың көздері тұщы (жер асты және жер беті) табиғи сулар болып табылады. Ауыз сулар алдын ала тазарту процесі кезінде, элементтік құрамы өзгермей, тотықтырылған өнімдермен элементарлы хлормен, озонмен немесе фторлы агенттерімен байытылуы мүмкін.

    Ақаба сулардың құрамын сапалық деңгейде болжауға қиын, элементтік және заттық құрамы жағынан өте күрделі жүйені құрайды. Олар шаруашылық түрлерінің әрекетіне тәуелді, спецификалық қасиеттерге ие, табиғаты органикалық және бейорганикалық компоненттермен ластанады.

    Табиғи сулардың негізгі қасиеттерінің бірі элементтердің көптүрлілігі болып табылады. Табиғи сулардағы элементтердің жағдайы – органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі өзара әрекетінің нәтижесіне байланысты.

    Табиғи, ауыз су, ақаба суларының бірден бір анализ мәселесі іріктеу техникасына, консервациясына, үлгілердің сақталуына және тасымалдануына ерекше талаптар қойылатын құрамның динамикалық сипаты болып табылады.

          1. Су сапасының мониторингі

    Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:

    • жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;

    • арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау;

    Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүсеге асады:

    1. су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу;

    2. алдын-ала таңдалып алынған пункттердегі су объектілеріне жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни:су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәлімет; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.

    Әрбір нақты жағдайда анықталатын арнайы заңдылықтармен зерттеулердің міндеттерін құрайтындар мыналар:

    • өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту;

    • су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін

    әсерін анықтау;

    • суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;

    • коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың

    ығарылуын бағалау және т.б.

    Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін участок таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты- біріншілік мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.

    Гидроэкожүйелер сапасының мониторингі мақсатқа сай басқарудың бұрынғы Жалпы мемлекеттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биота үшін қауіп тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау пунктерінде жүргізіледі.

    Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелілік, гидрологиялық жағдайлардың сипаттарымен келісе оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды.

    Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі принциптері 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4: 1987 стандарттарымен анықталады.

    Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі.

    «Қазақстан республикасының жер үсті суларын қорғау ережелері» құжатының 2.2 пунктіне сәйкес, елді мекендерінің шегінде орналасқан суаттардағы су сапасын бағалауда тұрмыстық-мәдени мақсатындағы суаттар үшін бекітілген шекті–рауалы концентрацияны (ары қарай ШРК) қолдану керек.

    Су объектілерінің сапасын бағалауда үнемі қолданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық гидробиологиялық индексі жатады.

    Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Экономикаклық және әлеуметтік Кеңесімен европалық статистиктер конференциясының 37 пленарлық сессиясында қабылданған (Женева, 12-16 маусым 1989 жыл) тұщы судың экологиялық сапасының стандартты

    статистикалық жіктемесіне сәйкес су объектілерінің жағдайларына әртүрлі әсер етуіне байланысты судың сапасы көрсеткіштердің 7 тобы бойынша анықталады (1.1 кесте), одан кейін судың жіктемелік класын анықтайды.
    1.1 Кесте – Су сапасының класын анықтау критериялары


    Су ластануының класы
    Сипаттама

    Су ластануының индексі

    1

    өте таза



    2

    таза

    > 0,3 – 1

    3

    Қалыпты ластанған

    > 1- 2,5

    4

    ластанған

    > 2,5 – 4

    5

    лас

    4 – 6

    6

    өте лас

    > 6 – 10

    7

    Шамадан тыс лас

    >10
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта